Жол апатын жасап, екі адамның өліміне себепкер болған шымкенттік тұтқындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жол-көлік оқиғасын жасап, екі адамның өліміне себепкер болған жүргізуші полицияға өзі келді. 
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін кінәлі жүргізушіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлімімен («Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») іс қозғалып, анықтау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі, екі сағаттан соң Абай аудандық полиция бөліміне келіп, өз еркімен кінәсін мойындаған. Ол 1986 жылы туған Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Еске салайық, кеше түнгі сағат 01.30 шамасында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби және Юсупов көшелерінің қиылысында «Тойота камри» маркалы автокөлігі «Тойота Ланд крузер 200» көлігімен соқтығысып , кінәлі жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Ауыр жарақаттары салдарынан 1972 жылы туған «Тойота ланд крузер 200» көлігінің жүргізушісі және оның жанында болған әйелі оқиға орнында көз жұмды. Олардың ұлы, яғни 2011 жылы туған жеткіншек түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген болатын. Айта кетейік, БАҚ-тар бұған дейін 3 ересек адамның өлімі туралы хабарлаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар