Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі балта ала ұмтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новокузнецкіде болған жол-көлік апаты балта және тапанша арқылы есеп айырысумен аяқталды. Күре жолда шетелдік көлік пен ресейлік автомобиль соқтығысты.
None
None

Зақымданған "Рено" жүргізушісі көлігінен балтасын алып екінші жүргізушіге ұмтылған. Кейін автомобиліне қайта отырады, алайда балтамен шабуылдауды азсынып аз уақыттан соң тапаншасын алып, қарсы тұрған көлікке бірнеше рет оқ атқан.

Бұдан кейін "Рено" иесі машинасына отырып, бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан өте шығып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол-көлік апаты мен бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар