Жол апатына ұшыраған жанға көмектеспек болған студентті машина қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеудің шығысында жол апатына ұшыраған жанға көмектесуге әрекеттенген азамат ажал құшты.
Келеңсіз оқиға Щелковский көшесінде орын алды.
Қатты жылдамдықпен келе жатқан "Пежо" автомобилі бетон қоршауды соғып, аударылған күйі қарсы бетке сырғыған.
Осы оқиғаны көрген 25 жастағы жас жігіт құтқармақ болып көмекке ұмтылған. Жолды кесіп өткен шақта оны "Кадиллак" автомобилі қағып кетті. Аударылған машинаның жүргізушісі болса жеңіл жарақаттанған. Ол көлікті мас күйінде айдаған болып шықты.