Жол апатынан жапа шеккен 6 жастағы бүлдіршін жансақтау бөлімінен шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан жапа шеккен 6 жастағы бүлдіршін жансақтау бөлімінен шықты. Баланың жағдайы туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов айтты.
None
None

3, 6, 8 жастағы балалар қазір орталықтың нейрохирургия бөлімінде жатыр.

«6 жастағы бүлдіршіннің жағдайы жақсы. Есін жиып, сөйлеп жатыр. Қазір жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Ол 14-20 күн жатуы тиіс. Ал оның бауырлары, екі бала ауруханадан шығарылады. Түскендеріне 7 күн толған соң үйлеріне қайтарамыз», -  деді орталықтың бас дәрігері Абай Құсайынов.

Айта кету керек, 3 баласы мен анасын Тойота көлігі бетонға қысып тастаған болатын.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, жол апатынан 4 адам жапа шеккен.

6 жастағы баланың қарақұс сүйегінің сол жақ бөлігі сынып кеткен. Ішкі ағзалары соққы алған. Бала ауруханаға 1-2 дәрежедегі травматикалық шокпен түскен еді. Ал, 3 және 8 жастағы басқа балалардың бастарына зақым келген.

Жол апаты орнынан Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілген балалардың анасының да миы шайқалып, басынан жарақат алған. Қазір ол нейрохирургия бөлімінде жатыр.

Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум