Жол апатында зардап шеккен бала санавиациямен Павлодарға жеткізілді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Май ауданының Көктөбе ауылында жол апатына ұшыраған бала санавиациямен Павлодарға жеткізілді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты тұрақты. Оны травматологиялық бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2011 жылы туған бала ашық бас сүйек-ми жарақатын алған. Мидың ауыр жарақаты, төбе сүйектердің сызықтық сынуы, оң жақта қатты қабақ сыртындағы гематома, сол жақ феморальды диафиздің қиғаш сынуы, фрагменттердің жылжуы анықталған.
- 1 дәрежелі травматикалық шок алған. 1 қыркүйек күні 20 сағат 10 минутта санитарлық авиация желісі бойынша реаниматолог және нейрохирург дәрігердің еріп жүруімен облыстық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне жеткізіліп, шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Қабылдау кезінде жағдайы политравмаға байланысты ауыр болды. Барлық қажетті емдік және диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі, - деп жазылған хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйек күні сағат 15.40-та Май ауданының Көктөбе ауылында орын алды. Велосипед тепкен 2011 жылы туған бала, 61 жастағы жүргізуші басқарған «ГАЗ 66» автокөлігінің тіркемесінің артқы дөңгелегіне соғылған.