Жол бойында төбелескен автобус жүргізушісі полиция бөліміне шақырылды - Астана

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада, Мәңгілік ел көшесі бойындағы төбелеске қатысы бар №70 автобустың жүргізушісі мен кондукторы Есіл аудандық ішкі істер бөліміне шақырылды. Бұл жайында қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол бойында төбелескен автобус жүргізушісі полиция бөліміне шақырылды - Астана

«Көліктік бақылау қызметі тарапынан бұл оқиғаға қатысты мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізілді. №6 «Жорға МТ» автобус паркіне тиесілі мемлекеттік көмірі 2631 DE №70 бағдарлық автобустың жүргізуші Қ.Қалбеков пен кондуктор С.Орынбеков түсініктеме алу үшін шақырылды», - делінген хабарламада.

Жүргізушінің айтуынша, 1 ақпан күні сағат 20,15-те Мәңгілік ел көшесімен келе жатқанда Nissan Terrano маркалы көлік жолын өрескел қиып апатты жағдай туындатқан. Осы кезде тежегішті бірден басып қалған автобус жүргізушісіне жолаушылар наразылық танытқан.

«Қ.Қалбеков Nissan Terrano автомобилін басып озып, алдынан орағытып тоқтаған және автобустан шығып, жол талғамайтын көлікке барған. Nissan Terrano көлігінің рулінде отырған әйел адам Қ.Қалбековпен дауласа кеткен. Осы кезде әйелдің жанында отырған жолаушы дауға араласқан. Қалбековтің айтуынша, ол дауға араласқан адамды итеріп жіберген. Ал ол Қабылбековтің бетін бір соққан. Содан төбелес басталған», - дейді Көліктің бақылау қызметінен.

Жол жалғамайтын көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы өздерінің апатты жағдай туындатқандықтарын мойындап, автобус жүргізушісінен кешірім сұраған. Мұны №6 автобус паркінің кондукторы Орынбеков те өзінің түсініктемесінде атап өткен.

«Nissan Terrano маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы туралы ақпарат болмағандықтан оқиғаның мән-жайын толықтай ашу мүмкін болмай отыр. Дегенмен, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін және жүргізуші Қабылбеков пен кондуктор Орынбековтың тарапынан өрескел қателіктер жіберілгендігін ескеріп, жұмыстан шеттетілді және тәртіптік жазаға тартылатын болады», - деп хабарлады әкімдіктен.

Сондай-ақ таратылған ақпаратта аталған оқиғаға байланысы автобус жүргізушісі мен кондуктордың Есіл аудандық ішкі істер бөліміне жауап алуға шақырылғандығы айтылған.

Айта кетейік, елорданың Мәңгілік ел көшесі бойындағы қоғамдық автобус пен жол талғамайтын көлік жүргізушілерінің төбелесіне байланысты қалалық ішкі істер департаментітергеу амалдарын жүргізіп жатқандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.