Жол ережесін бұзған әрекеті камераға түскен жүргізушілер айыппұлды қалай төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ​Астана әкімдігі автокөлік жүргізушісі жол жүру ережесін бұзған оқиға камераға түсіп қалған жағдайда оларды қандай әкімшілік жаза күтетінін мәлім етті.
None
None

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 807-бабына сәйкес, құқық бұзушылық камераға түскен жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілмейді және қаулы шығарылмайды. Бұл құжаттардың орнына, жүргізуші ЖЖЕ бұзған жағдайда өкілетті орган жасалған құқық бұзушылық негізінде ұйғарым шығарады.

Бірінші кезеңде, радар кешені автоматты түрде жылдамдық режимін бұзғанын немесе автобус және стоп-сызықтарын кесіп өткенін сурет және бейнебақылау камералары арқылы анықтайды. Кейіннен сурет және бейне материалдар Әкімшілік полиция басқармасы (ӘПБ) инспекторы өңдеуі үшін өңдеу орталығына жіберіледі. Инспектор жазбаларды қарап, автокөліктің нөмірі бойынша техникалық төлқұжат деректерін, сонымен бірге көлік құралының иесі туралы жеке ақпаратты анықтайды. Маңызды сәтіне көңіл бөлу керек: ұйғарым жолда жүру ережесін бұзған кезде көлікті жүргізген адамға емес, техникалық төлқұжат деректері бойынша автокөлік иесінің атына жасалады.

​Келесі кезеңде Әкімшілік полиция басқармасы инспекторы ААІЖ - тексерісін (автоматтандырылған ақпараттық іздестіру жүйесі) жүргізеді. Ол уақытта көлік құралының тіркелуі туралы ақпараттар тексеріледі. Сурет бейне жазбадағы автокөлік деректері техникалық төлқұжатты тіркеу деректері техникалық төлқұжатты тіркеу деректерімен сәйкес келмеген жағдайда (марка, нөмірі, түсі) бұзушылық қабылданбайды да, көліктің мемлекеттік нөмірі техникалық төлқұжатымен сәйкес келмеген себептен аталған көліктің бағыттамасы туралы хабарлама жасалынады. ААІЖ - тексерісін кейін автоматты түрде ӘПБ инспекторының қайта тексерісінен өтеді де, содан соң ғана басып шығарылған түрінде автокөлік иесіне ақырғы ұйғарым толтырылады. Ұйғарым автокөлік иесіне техникалық төлқұжатта көрсетілген мекен-жай бойынша "Қазпошта" бөлімшелері арқылы іске асатын болады.

Сонымен қатар, 15 қыркүйектен бастап басқа қала көліктерінің иелері мен шетел нөмірлері бар автокөлік жүргізушілері Астанада жүрген сапарында 2 немесе одан да көп ЖЖЕ бұзушылықтарын жасаған жағдайда, олар бүліністері және алдағы айыппұл салынатыны туралы ескертілетін болады. Бұл мәселелермен қаланың ІІД ЖПҚ патрульдік бригадалары арнайы планшет пен сурет және бейне жазу жүйесіне байланысты мобильдік қосымшалар арқылы автокөліктің орналасқан орнын анықтап отыратын болады. Аталған қосымшалар ЖПҚ қызметкерлеріне ақпаратты жеткізу мақсатында құрылған болатын.

Астананың әкімшілік полициясының ұйғарымы бойынша айыппұл төлеу 

​Ұйғарымды алған автокөлік иесі айыппұлды бірнеше жолмен төлей алады. Екінші деңгейдегі банктің қолма-қол есеп айырысу бөлімшесі немесе «Қазпошта» арқылы қолма-қол төлеу. Қолма-қол ақша арқылы айыппұл төлеу банктің төлемдер жүйесі мен ІІМ-нің «Бақылау» атты ААІЖ арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде айыппұлды төледі деген хабарлама тікелей ҚР ІІМ қорына түседі. Айыппұлды төлеудің мұндай түрінде айыппұл түсетін бюджеттік сыныптама кодын (БСК) - 204106 дұрыс көрсету керек. БСК дұрыс емес көрсеткен жағдайда, айыппұл өтелмейді. Қазіргі таңда, бұл жүйеге екінші деңгейдегі 17 банк қосылған. Одан бөлек, айыппұлды Kaspi төлем қызметтерін көрсететін терминалдар мен «QIWI кошелек» терминалдар арқылы төлеуге болады.

​Қолма-қол ақшасыз төлем түрлері де, яғни egov.kz порталында тіркелу арқылы банктік картамен айыппұлды төлеу енді қолжетімді. Сонымен бірге екінші деңгейегі банктердің интернет-сайттары арқылы онлайн-төлем: мысалы, Qazqom төлем карталарының иелері homebank.kz сайты арқылы айыппұлды төлей алады.

​Еgov.kz сайтында айыппұлды төлеу үшін жүргізушінің жеке сәйкестендіру деректерін енгізу керек, атап айтқанда автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері және техникалық төлқұжат нөмірі. Ақпараттық терезеде айыппұл мен оның сомасы шығады, содан соң «Төлеу» деген жазуды басу керек. Одан кейін, айыппұл ІІМ дерекқорынан жойылатын болады. Дәл осындай жолмен банктердің интернет-сайттары арқылы айыппұлды төлеуге болады.

​Сонымен бірге, өте ыңғайлы әрі заманауи тәсіл бар - ол айыппұлды мобильді қосымша арқылы төлеу: ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұл төлеу қызметтері egov.kz, HandyPay, MyPay және telegram мобильді қосымша мүмкін.

​Айыппұлдың бар-жоқтығын тексеру үшін немесе telegram арқылы төлем жасау үшін іздеу жолағында @KazPostBot парақшасының атауын теріп, нұсқаулықты сақтау керек. Жоғарыда көрсетілген тәсілдер арқылы ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұлдар төленген болса, арнайы түбіртекті әкімшілік полиция бөлімшелерінде көрсетудің қажеттілігі туындамайды, себебі айыппұлдардың төленуі туралы ақпараттар автоматты түрде ІІМ-нің әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алудың ақпараттық жүйесіне түседі.

​Автокөлік жүргізушілерінің назарына: айыппұлды тексеру және оған қатысты тексеріс - көліктің тіркеу нөмірі мен техникалық төлқұжат нөміріне сәйкес жүзеге асады. Осы орайды, барлық жүргізушілерге техникалық төлқұжат және төлқұжатта көрсетілген тұрғылықты мекен-жай деректерін жаңартуды ұсынамыз.

Астана қаласының әкімшілігі, ІІД ӘПБ барлық автокөлік иелері және Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды және қала көшелеріндегі бұзушылықтарға жол бермеуді өтінеді.

Соңғы жаңалықтар