Жол ережесін бұзған Gelandеwagen жүргізушісі жазаға тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов әлеуметтік желіде жарияланған видеоға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол ережесін бұзған Gelandеwagen жүргізушісі жазаға тартылды


Mercedes Gelandеwagen жүргізушісі қарама-қарсы бетпен арадағы қос сызықты басып, жол ережесін бұзғаны туралы видео instagram желісінде жарияланды.

«Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, 27 жастағы Алматы тұрғыны ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жіберілді», - деді Қанат Таймерденов .