Жол картасы ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сапар бағдарламасында - «Жол картасын» жүзеге асыру, дәнді дақылдар жинау барысымен танысу, гвардиялық мотоатқыштар бригадасының жаңа спорт кешенінде болу, Ақтүбек ауылында ауылдық дәрігерлік емхананың ашылуына қатысу көзделген.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Ақтүбек ауылында ауылдық дәрігерлік емхананы пайдалануға беру салтанаты өтті. Ол «100 мектеп, 100 аурухана» республикалық акциясы ауқымында салынды. Облыс орталығындағы «Архқұрылыс» ЖШС бөлінген 14 млн. теңге қаржыны игерді. Емхана ашылуы қарсаңында 16 млн. теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды. Мұнда тұратын 1267 ауыл тұрғынына терапевт, тіс дәрігері, педиатр, хирург қызмет көрсетеді, ультра-дыбыстық зерттеулер кабинеті, екі емдеу және төрт физиокабинеттер, 10 кереуеттік күндізгі стационар жұмыс істейді.
Салтанатты митингіде сөз алған облыс әкімі Серік Үмбетов ауыл тұрғындарын тамаша мерекемен құттықтап, облыста «Жол картасын» жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Ағымдағы жылғы қараша айында шекаралық «Достық» теміржол стансысында 50 кереуеттік аурухана және күніне 150 адамды қабылдайтын емхана ашылмақ.
Соңғы жылдары Алакөл ауданының экономикасы қарышты дамып келеді, ол Алматы облысындағы таңдаулы аудандардың бірінен саналады. Үстіміздегі жылдың жеті айында аудандағы бюджет түсімдері 944,4 млн.теңгені құрады, бұл болжамдалғаннан 119,9 пайызға көп. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2320,2 млн.теңгені, өнеркәсіп өнімдері 1263,7 теңгені құрады. Осы кезеңде инвестициялар көлемі 1,8 млрд.теңгеден асты.
Ауданға «Жол картасы» ауқымында 210 млн. теңгедей қаржы бөлінді. Бұл қаражат қалалық №1 мектепті және Еңбекші ауылындағы клубты жөндеуге жұмсалмақ, ал 127 млн. теңге жергілікті жолдарды жөндеуге бағытталып отыр.