«Жол картасы» аясында жастар тәжірибесімен қамту көлемі 13,5 есе өсті

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2008 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, «Жол картасы» жоспары аясында жастар тәжірибесімен қамту көлемі 13,5 есе өсті.

«Жол картасы» аясында жастар тәжірибесімен қамту көлемі 13,5 есе өсті

Бұл туралы бүгін Астана қаласының мәслихатында баяндама жасаған Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева хабарлады.

Оның мәліметі бойынша 2009-2010 жылдарға арналған «Жол картасы» жоспарын іске асыру кезінде Астанадағы 445 кәсіпорынмен арнайы келісімшарттар жасалып, жоғары оқу орнын тәмамдап шыққан жастарға арналған 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осының арқасында 2 949 түлек өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтап, мемлекеттік бюджеттің есебінен жалақы алып тұрды. «Жалпы, 2008 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, 2009-2010 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында жастар тәжірибесімен қамту көлемі 13,5 есе өсті», - дейді А.Алтыбаева.