17:24, 10 Шілде 2009 | GMT +5
«Жол картасы» бағдарламасы ауылдарға да жетті
ДЫҚОРҒАН. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының ауылдарында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру барысында мектептер, клубтар, спорт нысандары, электр желілері жаңғыртылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ескелді аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мұхамедқали Тілеубергеновтің сөзіне қарағанда, осы бағдарлама бойынша ағымдағы жылы әрбір ауылдық және кенттік округтарда абаттандыруға 683 646 мың теңге бағытталатын болады. Жұмыстар көптеген нысандарда қанат жайды.
Тұрмысы төмен жандардың ішінен 30-ға жуық адам әлеуметтік жұмыс орындарына еңбекке орналастырылды, әрбір жұмысшы айына 20-35 мың теңгеден еңбекақы алады.
Ауданда жұмыс берушілермен және халықпен өндірістік мамандығы жоқ жұмыссыздарды еңбек қызметіне тартудың маңыздылығы туралы түсіндіру іс-шаралары өткізіліп тұрады.