«Жол картасы» бағдарламасы бойынша орташа жалақы -27,9 мың теңгені құрайды - Г. Әбдіхалықова
АНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Жол картасы» бағдарламасы бойынша орташа жалақы - 27,9 мың теңгені құрайды.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жұмыс істейтіндер - 28 мың теңге, жол жөндейтіндер - 31 мың теңге, мектептер мен ауруханаларды жылытатындар - 29,7 мың теңге, селолар мен ауылдардағы әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндейтіндер - 19,7 мың теңге жалақы алады. «Жол картасы» бойынша өңірлер бөлінісінде ең жоғары жалақы Алматы қаласында - 45 мың теңге, Астана қаласында -38,4 мың теңге. Министр қазіргі жағдайда табысты жоғалту тәуекелін төмендету міндеті маңызды болып табылатынын атап өтті.