«Жол картасы» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 137 мәдениет нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде - Мәдениет министрлігі

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ - «Жол картасы» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 137 мәдениет нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Жол картасы» бағдарламасының аясында  ағымдағы жылы 137    мәдениет   нысанында  жөндеу жұмыстары  жүргізілуде  - Мәдениет    министрлігі

Бұл туралы Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелерімен болған кездесуде мәлім етті.

Бұл кездесуге ауылдардағы мәдениет нысандарының дамуын заңнамалық қамтамасыз ету мәселесі арқау болғанын айта кету керек.

Министр өз сөзінде атап көрсеткендей, жалпы бөлінген қаржының көлемі 4,5 миллиард теңгені құрап отыр, оның 2, 696 миллиарды - республикалық бюджеттен, 1,866 миллиард теңгеден астамы - жергілікті бюджеттерден қарастырылған. «Жол картасы қолға алынған екі жылдың ішінде 127 мәдениет нысанында күрделі жөндеу жұмыстары, 191 нысанда - ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді», деді Қ.Мұхаммед өз сөзінде.