«Жол картасы бойынша» осы оқу жылында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 17 мың 555 бірлікке ұлғайтылды -Ж. Түймебаев

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев «Жол картасы» бойынша техникалық және еңбек қызметін көрсететін кадрларды дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстар жайлы баяндады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктері өтініштерінің негізінде осы оқу жылында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 17 мың 555 бірлікке ұлғайтылған. Ал «Жол картасы» бойынша мемлекеттік тапсырыс 20 мың бірлік көлемінде анықталған. «Бұл бағыт бойынша бірқатар облыстардың мемлекеттік тапсырыстарды төмендеткені негізгі мәселе болып отыр. Қалған 2 мың 445 орынды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қайтадан бөлу керек. Кадрларды толық көлемде даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру мақсатында кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін өтініштердің көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдау қажет», - деді министр.Оның сөзіне қарағанда, оқуға қаржыландыру кепілдігінің жоқтығы және жергілікті бюджеттерден келесі жылдардағы оқуға кететін шығындардың өсімінен қауіптену мемлекеттік тапсырыстардың қысқаруының негізгі себептері. Сонымен қатар, мамандықтардың тізіміне шектеулер қойылған. Алайда, еңбек рыногында, қызмет көрсету, өзін-өзі жұмыспен қамту саласында, шағын және орта бизнесте шектеу қойылған мамандықтарға сұраныс бар. «Бұл проблемаларды шешу үшін 2010 жылдың және одан кейінгі жылдардың бюджетінде «Жол картасы» бойынша қабылданғандарды оқыту үшін қосымша ақша қаражатын қарастыруды, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету, өзін-өзі жұмыспен қамту саласына арналған мамандар даярлау үшін мамандықтардың тізімін кеңейтуді ұсынамыз. Мемлекеттік тапсырыс барынша қажетті мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды көздейді. Сондықтан облыс әкімдіктері бөлінген қаржыны толық көлемде игеру үшін түбегейлі шараларды қабылдаулары тиіс», - деді Ж. Түймебаев.
Соңғы жаңалықтар
Референдум