«Жол картасы» жобасы аясында ағымдағы жылы облыстың 25 білім нысанына күрделі жөндеу жүргізілмек

АҚТАУ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - «Жол картасы» жобасы аясында ағымдағы жылы облыстың 25 білім нысанына күрделі жөндеу жүргізілмек. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 1 473 700 мың теңге жұмсалмақ.
None
None
Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысы активінің жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Күрделі жөндеуден өтетін білім ордаларының ішінде Ақтау қаласы бойынша 2 мектеп, 1 арнайы балабақша-мектеп кешені; Жаңаөзен қаласы бойынша 3 мектеп, 2 балабақша; Бейнеу ауданы бойынша 4 мектеп, 1 балабақша; Маңғыстау ауданында 2 мектеп, 2 балабақша; Мұнайлы ауданында 4 мектеп, 1 балабақша, 1 арнайы мектеп; Түпқараған ауданы бойынша 1 балабақша; Қарақия ауданы бойынша 1 кәсіптік лицей бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 2780 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды. Мердігер мекемелер қосымша жұмыс орнын ашуды басты мақсат етуі тиіс. Бүгінде жалпы 25 объектінің барлығы бойынша хабарландырулар беріліп, мемлекеттік сатып алу ұйымдастырыла бастады. Оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін білім нысандарының жөндеу жұмыстарын осы жылдың 1-ші тамызына дейін аяқтауды қамтамасыз ету туралы барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырма берілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін барлық білім нысандары бойынша жобалық сметалық құжаттамалар осы жылдың тамыз-қыркүйек айларына дейін жасақталып болуы қажет.
Соңғы жаңалықтар