«Жол картасы» жобасы аясында алматылық 210 медицина маманы қайта даярланады

АЛМАТЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Жол картасы» жобасы аясында Алматыда 210 медицина маманы қайта даярлаудан өтеді.Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау департаменті басқарма бастығының міндетін атқарушы Роза Қуанышбекова айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Роза Қуанышбекованың айтуынша, жоба бойынша жоғары білімді 90, орта арнаулы білімі бар 120 маман қайта оқытылмақ.Ол сондай-ақ бұл жобаның Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР Үкіметінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылғалы отырғанын да жеткізді.Оның айтуынша «Жол картасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында, жаңа жұмыс орындарын ашу мен тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында «Мектептер мен ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу, жылумен қамту» бағдарламасы негізінде қаржы бөлінген.Сондай-ақ «Жол картасы» аясында медициналық мамандарды қайта дайындау үшін қомақты қаржы бөлінген. «Біз қазір мамандарды қайта дайындау үшін қабылдауға дайынбыз.Осы ретте кезінде медицинадан басқа салаларға кеткен әріптестерімізді қайта шақырамыз. Өйткені бүгінде дәрігерлердің орташа жалақысы 70 мың, медбикенің жалақысы 50 мың теңге көлемінде болып отыр», деді Р.Қуанышбекова.
Соңғы жаңалықтар
Референдум