«Жол картасы» жобасының арқасында қаншама халық жұмыс орнымен қамтылды - Сатымбек Рысбаев

Ы. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қарашаның  13 күні тікелей эфирге шыққан Президентіміздің айтқан барлық сөздері жарасып та, келісіп те тұр,

«Жол картасы» жобасының арқасында  қаншама халық жұмыс орнымен қамтылды -  Сатымбек Рысбаев

 дейді Алматы қаласының тұрғыны, зейнеткер Сатымбек Рысбаев

«Бүкіл дүниежүзін жаулаған дағдарыс кезеңіне қарамастан 100 мектеп, 100 аурухана салу тек көреген басшының қолынан ғана келеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының зейнеткерлердің зейнетақысын келесі жылдан бастап тағы да 25 пайызға өсіреміз деуі көңілге қуаныш ұялатады.

«Жол картасы» жобасына қаншама қаражат бөлінді, қаншама халыққа жұмыс орны табылды. Сондай-ақ аз ғана уақыттың ішінде  әдемі Астана салу кез келген адамның қолынан келмейді. Қандай керемет қала тұрғызылды, оны тіптен әлем мойындап отыр», дейді зейнеткер.