«Жол картасын» және дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру биыл 39 000 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді ? Алматы әкімі

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Дәурен Жайлин/ - Жұмыспен қамту саласы қала өкімет орындарының ерекше бақылауында. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов айтты,

«Жол картасын» және дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру биыл 39 000 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді ? Алматы әкімі
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. А.Есімов Мемлекет басшысының экономиканы тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес қала әкімдігі дағдарысқа қарсы бағдарлама жасап, қабылдағанын атап өтті. «Оны жүзеге асыру мемлекеттік сатып алуларға қала кәсіпорындарының қатысуын қамтамасыз етуге және жергілікті жұмыс күшін пайдалануға, сөйтіп 19 мыңдай жұмыс орындарын ашуға, қазақстандық тауарлар үлесінің деңгейін 80 пайызға дейін жеткізуге және 15 млрд. теңге салық түрінде қаржы алуға мүмкіндік беред», деді ол. . Облыс әкімінің айтуынша, қаладағы жұмыссыздықтың ресми деңгейі 8,1 пайызды құрайды. «Бұл көрсеткіш экономиканың қарыштап өсуі кезіндегі жұмыссыздық статистикасы көрсеткіштерінен 0,2-0,3 пайызға артық. Тұтастай алғанда, бірінші тоқсанда жұмыссыздықтың деңгейі 0,5 пайызды құрайды. Тіркелген жұмыссыздар саны ? 3 697 адам, 3 429 жаңа жұмыс орны ашылды», - деді ол. А.Есімовтің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған халықты жұмыспен қамтудың «Жол картасы» жаңа стратегиясының маңызы зор. «Оны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 140 млрд.теңге , оның 13 млрд.теңгесі Алматыға бөлінді және 9 млрд.теңге жергікті бюджеттен қарастырылып отыр, барлығы 23 млрд. теңге. Бұл қаражат жолды жөндеу мен жаңартуға, тұрғын үй, коммуналдық инфрақұрылымға, көгалдандыру жұмыстарына жұмсалады, бұл шаралар 20 000 жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, «Жол картасын» және дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру биыл 39 000 жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды», - деді қала басшысы.Н.Назарбаев қала әкімдігінің жұмыспен қамту саласын тұрақтандыру шараларын қолдады және өзінің ұдайы бақылауында тұрған бұл жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.