Жол-көлік апатынан 5 адам қаза тапты ? ҚР ТЖМ
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат – Кеше жол-көлік апатынан 5 адам көз жұмды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Елорданың Алматы ауданы Күйгенжар кентінде сәуірдің 21-інде сағат 22:10-да «Фольксваген» және «КамАЗ» автомобильдері соқтығысып қалды. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.Осы күні сағат 19:30-да Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағындағы Алматы-Ташкент автожолының 481-ші шақырымында «Тойото» және «Ауди» көліктері соқтығысып, «Аудидің» жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.