Жол-көлік апатында он адам қаза болып, жетеуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і.  ҚазАқпарат - Соңғы тәуліктердің ішінде республика жолдарында бірнеше апатты оқиға болып, оның салдарынан 10 адам қазаға ұшырады,

Жол-көлік апатында он адам қаза болып, жетеуі ауруханаға жеткізілді

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматыда «Тойота» автомашинасы мен  «Hunday» автобусы (жолаушыларсыз) соқтығысты. Жол-көлік апатының нәтижесінде «Тойотаның» жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Ақмола облысында «КамАЗ» автомашинасы мен «К-701» тракторы соқтығысып, «КамАЗ» жүргізушісі оқиға орнында қазаға ұшырады. Қарағанды облысындағы Балқаш қаласында «КамАЗ» бен «Тойота» соқтығысуы салдарынан «КамАЗ»-дың жүргізушісі сол жерде көз жұмды, екінші машинаның жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.   

Осындай апаттар Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да болды. Оларда барлығы 9 адам қаза болды, жетеуі ауруханаға жатқызылды.

Павлодар облысындағы Бозшакөл стансысында сенбі күні сағат 16.30-да «УАЗ» автомашинасының жүргізушісі қазаншұңқырға құлап кетті. 18 сағат 55 минутта машина мен жүргізушінің денесі судан құтқару қызметінің күшімен шұңқырдан сыртқа шығарылды.