Жол-көлік оқиғаларынан жапа шегетіндер көрсеткіші бойынша Қазақстанның жағдайы мәз емес - С.Қайырбекова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғаларынан жапа шегетіндер көрсеткіші бойынша Қазақстанның жағдайы мәз емес. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай деп мәлімдеді.

Жол-көлік оқиғаларынан жапа шегетіндер көрсеткіші бойынша Қазақстанның жағдайы мәз емес - С.Қайырбекова

Министрдің сөзіне қарағанда, жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан шамамен 3 мыңға тарта адам қайтыс болса, 29 мыңнан астам адам жарақат алады. «Қазіргі таңда біз бұл көрсеткішті төмендету бойынша әлемнің барынша дамыған елдерінен бірнеше есе артта қалып келеміз. Сондықтан, қазір осы мәселе бойынша сектораралық өзара тиімділікті нығайту үшін бар күшімізді салуға тиіспіз», - деді министр.

Осы ретте ведомство басшысы жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерді емдеуге жатқызғанға дейін және емдеуге жатқызу кезеңінде шұғыл медициналық көмек көрсетудің тың талаптары енгізілгенін айтып өтті.

Тоқтала кететін жайт, еліміздегі өлім-жітім себептерінің қатарында үшінші орынды жазатайым оқиғалар салдарынан жарақаттанулар алады.