Жол-көлік оқиғасына кінәлілердің жазадан жалтаруына алып келетін көптеген олқылықтар анықталды - А. Дауылбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қате мәліметтер енгізу салдарынан Жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері хаттамаларының күшін жою мәселелері орын алып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
None
None

«Сот тәжірибесін талдау нәтижесінде жол-көлік оқиғасына кінәлілердің жазадан жалтаруына алып келетін көптеген олқылықтар анықталды. Бұған ықпал ететін негізгі факторларға тоқталатын болсақ, полиция қызметкерлері тарапынан кешіктіру салдарынан құқық бұзушылық мерзімінің өтіп кетуі, қайталап медициналық куәландыру жүргізу, қате мәліметтер енгізу салдарынан хаттаманың күшін жою секілді мәселелер бар», - деді ол Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, осы тектес себептерден төрт мыңнан астам әкімшілік өндіріс қысқартылған. Бұның салдарынан алкогольдік мас күйінде ұсталған 600-ден астам жүргізуші тиісті жазадан құтылып кетті.

Мұндай үрдіс кінәлілердің жасаған бұзушылықтары үшін жазасыз қалу сезімін қалыптастыруымен қауіпті болып отырғанына тоқталған А. Дауылбаев, бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтың қайталануына алып келетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар