Жол-көлік оқиғасынан көбінесе жолаушылар мен жаяу жүргіншілер жапа шегеді - Прокуратура

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылы жол-көлік оқиғалар саны мен одан жапа шеккендер қатары артып отыр. Оның ішінде мұндай оқиғалардан жүргізушілерге қарағанда көбінесе жолаушылар мен жаяу жүргіншілер жапа шегуде. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілі Рүстем Әбдірахманов мәлім етті.

Жол-көлік оқиғасынан көбінесе жолаушылар мен жаяу жүргіншілер жапа шегеді - Прокуратура

Оның айтуынша, жыл басынан бері жол-көлік оқиғалар саны 49 пайызға артып, 10,5 мыңға жеткен. Ал мұндай оқиғалардан жапа шеккендер саны бір жарым есеге артып, 14,9 мың адамды құрап отыр. «Жол-көлік оқиғаларынан жапа шеккендердің басым бөлігі жолаушылар - 41 % немесе 6 235 адамды құрайды, оның ішінде өткен жеті айда 537 адам қайтыс болып, 5 698 жарақат алды. Жапа шеккен жаяу жүргіншілер - 34 % немесе 5 069 адам (415 қайтыс болып, 4 654 жарақаттанған), жүргізушілер - 23% немесе 3 406 адамды (413 қайтыс болса, 2 993 жарақаттанған) құрап отыр», - дейді Р.Әбдірахманов.