Жол-көлік саласында 6,8 мың техника жетпейді — министр

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында көлік саласында қанша техника тапшы екенін айтты.

қарабаев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Жол саласында ірі жобалардың іске асуы және жаңа жоғары санатты жолдардың пайда болуы, тиісті көлемде жол құрылыс техникасының болуын талап етеді. Бүгінгі таңда салада 6 мың 800 техникаға қажеттілік бар. Оның 5 мың 700-і — жаңадан басталатын құрылыстарға қажетті техника. Ал жолды күтіп ұстау нормативіне жеткізу үшін 1 мың 93 техника қажет», — деді ол.

Марат Қарабаев бұл мәселені түбегейлі шешу үшін Құрылыс және өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп жол салатын техниканы Қазақстан аумағында оқшауландыру жүргізіліп жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар