Жол қозғалыс жас инспекторларының республикалық слеті өтеді
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі Білм және ғылым министрлігімен бірлесіп, Ақмола облысындағы «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталығында 31 мамыр мен 5 маусым аралығында жол қозғалысы жас инспекторларының республикалқ слетін өткізеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.
Оған еліміздің түпкір-түпкірінен өңірлік жарыстардың жеңімпазы - 170 бала, сондай-ақ Ресей Федерациясының командасы (Мәскеу) қатысады. Бұл шараның мақсаты балалардың жол-көлік қозғалысы салдарынан жарақаттануының алдын алу болмақ.
Оның бағдарламасында 9 аталым бойынша: сапқа тұру және ән салу байқауы, жас реттеушілер конкурсы, жол қозғалысы ережелерін жетік білу, жас санитарлар, эрудиттер турнирі, үгіт бригадалары конкурсы, жас тілшілер, «Менің жасағым» бейнеролигі және велосипедті мәнерлеп жүргізу сияқты жарыс түрлері өтеді.
Жол қозғалысы жас инпекторлары қозғалысы (ЖҚЖИ) қозғалысы, оның слеттері, конкурстары жалпы білім беру үрдісін тереңдетуге, жасөспірімдердің мәдени деңгейіне, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді, балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануының алдын алуға айтарлықтай әсер етеді.
Шараны өткізуге «Шелл Қазақстан», «Жұлдыз» балалар қоғамдық бірлестіктерінің одағы, «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ақпараттық-өндірістік орталығы» РМК, сондай-ақ «Қазақстан» және «Арман» ІІМ санаторийлері, «Еңбек» РМК қолдау көрсетуде.
Алғашқы жол қозғалысының жас инспекторлары 1973 жылы пайда (Кеңес Одағында ЖҚЖИ туралы алғашқы ереже ОК БЛКЖО, КСРО ІІМ және КСРО Білім беру министрлігінің бірлескен отырысында 1973 жылдың 6 наурызында қабылданды) болды. ЖҚЖИ қызметінің негізгі міндеттері - балалар мен жасөспірімдер арасында Жол қозғалысы ережелерін насихаттау, жолдарда балалардың жарақаттануының алдын алу. 1978 жылы Ростов-на-Дону қаласында алғашқы Бүкілодақтық ЖҚЖИ слеті өтті. Қазақстанда ЖҚЖИ слеттері 1982 жылы Алматы қаласында, 1987 жылы Ақтөбе қаласында, 1989 жылы Қарағанды қаласында өткізілді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осындай слеттер ұзақ уақыт өткізілген жоқ. 2001 жылы Қазақстан Республикасының Жол полициясы комитеті ЖҚЖИ слетін қайта жаңғырту және Қазақстан Республикасында бірінші слетті Алматы қаласында өткізу туралы ұсыныс жасады. Кейінгі жылдары әр жыл сайын республикалық жас жол қозғалысы слеттерін өткізу игі дәстүрге айналды.