Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды терминалдар, банкоматтар мен РОS-терминалдар арқылы төлеу мүмкін болады

Еске салсақ,2010 жылдың қараша айында Ішкі істер министрлігі Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп жол полициясының «Бақылау» ақпараттық жүйесі негізінде жол қозғалысы ережелерін (бейне бақылау және тіркеу жүйесімен түсірілген айыппұлдардан басқа) бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды «электрондық үкімет» порталы арқылы төлеу жобасын іске асырды.
Айыппұлдарды төлеудің дәстүрлі түрі бойынша жол қозғалысын бұзушыларға екі кезекте - банкте және әкімшілік тәжірибе бөлімшесінде тұруға қажет болатын. Айыппұлдарды «электрондық үкімет» порталы арқылы төлеу, сөзсіз, осы рәсімді жеңілдетеді. Ал төленген айыппұлдар туралы хабарламалар жол полициясы бөлімшелеріне автоматты түрде бағытталып отырады.
Қазіргі уақытта Жол полициясы комитеті «Бақылау» ақпараттық жүйесі және өңірлік Процессинг орталықтарымен бейне бақылау және тіркеу жүйесімен түсірілген бұзушылықтарды өңдеу бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуде. 2011 жылдың соңында осы жүйелермен түсірілген құқықбұзушылықтарды электрондық үкімет шлюзі арқылы төлеуге мүмкін болады.
«Сондай-ақ, халықты осы қызмет түрімен кеңірек қамту мақсатында, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды қоғамдық орындарда орнатылған электронды терминалдар, банкоматтар мен екінші деңгейлі банктердің РОS-терминалдары арқылы төлеу мүмкіндіктерін іске асыру мәселелері қарастырылуда», - делінген таратылған хабарламада.