Жол қозғалысына арналған жаңа заңнама Мәжілісте таныстырылады

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Сейсенбі 12 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда «Жол қозғалысы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жол қозғалысына арналған жаңа заңнама Мәжілісте таныстырылады

«Заң жобасындағы жаңалықтармен парламентшілерді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев таныстыратын болады.

Ал заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, аталған комитет мүшесі Мәжіліс депутаты Рамазан Сарпеков», - делінген баспасөз хабарламасында.