00:45, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
Жол құрылысы кезінде сегіз адамның қаңқасы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Курск облысында жол құрылысын жүргізіп жатқандар сегіз адамның қаңқасын тапты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Бұған қоса, тағы екі адамның сүйегі топырақ алатын алаңды қоршау кезінде табылды. Әзірге олардың қай кезеңге жататындығы белгісіз болып отыр.
Тергеу комитеті облыстық тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Максим Рассамакиннің айтуынша, бұл қаңқалар кеңес жауынгерлерінікі, не болмаса одан ертерек жерленген де болуы ықтимал. Оларды анықтау жұмыстарына археологтар тартылды.