Жол құрылысы сапасын арттыру үшін FIDIC шарттары енгізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жол құрылысы сапасын арттыру үшін FIDIC шарттары енгізіледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жалпы ұзындығы 10,5 мың шақырымдай жолда құрылыс және жаңғырту жұмыстары жалғастырылады. Еліміздің Президенті берген тапсырмаға сәйкес, жол құрылысының сапасын арттыру үшін жыл соңына дейін FIDIC халықаралық ережелерінің шарттары енгізіледі. Негізгі 50 нормативті құру арқылы қолданыстағы 1200-ден астам салалық норматив оңтайландырылды. Автожол жобаларын ЕРСМ-келісімшарт қағидасымен іске асыру тәсіліне ауысу жүзеге асырылып келеді. Бұл бір орындаушыға жобаның толық өмірлік циклін жобалау сатысынан бастап, осы учаскені 10 жыл бойы күтіп ұстауға мүмкіндік береді», - деді Марат Қарабаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның дерегінше, 2022 жылдың қорытындысында автожол саласында нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 91 пайызға және жергілікті желіде 85 пайызға дейін ұлғайтылды.

«Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 11 мың шақырымнан астам жалпы қолданыстағы автожол қамтылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар
telegram