Жол қызметкерлері Жеңіс күнін футзал турнирімен қарсы алуда
Жарысқа 4 аймақ бойынша бөлінген комитет және оның аймақаралық бөлімшелері мен «Қазақавтожол» РМК филиалдарының топтары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атлмыш ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ойын тәртібіне сәйкес өңірлік ойынның екі жеңімпаз тобы 2010 жылғы 29-30 сәуірде Астана қаласындағы «Еуразия» спор кешенінде өтіп жатқан шешуші ойындарға қатысады.
Бұдан бұрын, 17 сәуірде, Павлодар мен Көкшетау қалаларында өткен орталық және солтүстік өңірлердегі ойын қорытындылары бойынша «Жеңіс» командасы (Автомобиль жолдары комитеті), Павлодар мен Ақмола облысы «Қазақавтожол» РМК филиалдарының топтары, сонымен қатар Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті жеңімпаз деп атанды.
24 сәуірде Тараз және Ақтөбедегі ойындардың қорытындысы бойынша Автомобиль жолдары комитеті Атырау облысының департаменті және Ақтөбе, Алматы, мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының «Қазақавтожол» РМК филиалдарының топтары жеңіске жетті.
Жартылай финалға шыққан 8 команда екі топқа бөлінді, олардың ішінен «Жеңіс» және Солтүстік Қазақстан департаментінің командасы, сонымен қатар «Қазақавтожол» РМК Ақтөбе мен Ақмола филиалының топтары финалда кездеседі. Турнир жеңімпазы бүгін, 30 сәуір күні анықталуда. Финалдық ойын «Еуразия» спорт кешенінде өткізіледі.
Жеңімпаз-топ ауыспалы кубок пен 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталады. 2 және 3-ші орынды иеленетін топтар тиісті дипломдармен марапатталады. Турнирдің белсенді ойыншылары да бағалы сыйлықтар алады.