Жол полицейі кептелістегі көлікте толғағы жеткен әйелді босандырып алды
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бангкок қаласында 45 жастағы жол полиция кептелісте тұрған көліктердің бірінде толғағы жеткен 47-ші әйелді аман-есен босандырып алды.
Таиланд астанасы әлемдегі көліктері тым көп, шулы да қарбалас қалалардың бірі. Содан да болар, осыдан 19 жыл бұрын қалада жол ережесін қадағалайтын сақшыларды акушерлік мамандыққа үйрететін курс ашылған болатын. Содан бері жол полицейлері кептелісте қалған машиналардың ішінде 107 нәрестені аман-есен босандырып алған.