Жол полицейлері ережені бұзғандарды «аулауға» белсене кірісті

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Астананың Жол полициясы басқармасы (ЖПБ) сот орындаушылармен бірлесе отырып жол жүру ережесін (ЖЖЕ) бұзған азаматтардан айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында рейдтік шараларды бастады.
None
None

Бүгін журналистерге сұхбат берген ЖПБ әкімшілік тәжірибе басшысы Тахир Абдурахмановтың айтуынша, биыл құқыққорғаушылар жалпы сомасы 341,5 млн. теңгені құрайтын 39,5 мың төленбеген қаулыларды мәжбүрлеп төлету үшін елордалық сот актілерін орындау департаментіне жолдады. Бүгінгі таңда олардың 40 млн. теңге сомасындағы 5 мыңға жуығы орындалды.

Полицейлер сондай-ақ, қаулыларды ереже бұзушылардың тұрғылықты мекенжайлары мен оқу орындарына да жіберуде.

Соңғы жаңалықтар