Жол полициясы «Ауылдық жол» акциясын өткізеді

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 17 қазанынан бастап қала сыртындағы жолдарда және ауылдық елді мекендерде жол-көлік жарақатын алдын алу мақсатында жол полициясы бөліністері «Ауылдық жол» профилактикалық акциясын өткізеді.

Жол полициясы «Ауылдық жол» акциясын өткізеді

Бұл туралы ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауылдық елді мекендерде акцияны өткізу кезеңінде жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы көбінесе алдын алу және түсіндіру жұмысына бағытталады.

Жол және коммуналдық қызметтер өкілдерімен бірлесе отырып, ауылдық елді мекендерде жалғасып жатқан көше-жол жүйелерінде қажетті жол белгілерінің, жол сызбаларының, жаяу жүргіншілер үшін көзделген қоршаулардың, жол қозғалысын реттеуге арналған басқа да техникалық құралдардың болуын, сонымен қатар жол төсеміне қажетті ағымдағы, орташа және күрделі жөндеудің қажеттілігіне тексеру жоспарланған.

Азаматтарға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында алыс ауылдарға жүргізуші куәліктерін алуға құжаттарды қабылдау, автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, сонымен қатар белгіленген мәселелер бойынша халыққа кеңес беру үшін құрамына тіркеу-емтихан бөліністерінің қызметкерлері енгізілген арнайы бригадалардың шығуы ұйымдастырылады.

Қала сыртындағы жолдарда және ауылдық елді мекендерде жол-көлік жарақатын алдын алуға бағытталған басқа да іс-шаралар жоспарланды.

Акция 2011 жылдың 21 қазанында аяқталады.