Жол полициясы басқармасы Салық кодексі мен «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін ескертеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы ретте, ҚР Салық кодексінің 369-шы бабына сәйкес көлік құралдары бар жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі желтоқсанның 31-іне дейін белгіленді. Салықты төлеу салық салынатын нысандардың тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 18-ші баптың 3-ші тармағында - жеке тұлғалардың көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, ағымдағы жылы аталмыш көлік құралдарына салықтың төленгендігін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана жүзеге асырылатындығы жазылған.
Сонымен қатар, аталмыш Заңның 19-шы бабы, 3-ші тармағына сәйкес, көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге қатысты өзгерістер енгізіліп отыр. Мәселен, механикалық көлік құралдары мен оның тіркемелеріне мемлекеттік байқау, техникалық байқаудан өту туралы куәлікті алуға төленген міндетті мемлекеттік салықтың, сондай-ақ ағымдағы жылға көлік салығының төленгендігін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Бір бірлік көлік құралы үшін төлемдер 707 теңгені құрайды.