Жол полициясы Қазақстан жолдарында күшейтілген режімде жұмыс жасауда

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат -«Қауіпсіз жол» шарасы аясында Жол полициясы Қазақстан жолдарында күшейтілген режімде жұмыс жасауда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ-нің Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамыздың 9-ы мен 15-і аралығында өткізіліп отырған жедел алдын алу шарасының алғашқы екі күнінде республика жолдарында 14 мыңнан астам жол ережелерін бұзу оқиғасы тіркелген. «429 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жазаға тартылды, жылдамдық режімін асырғаны үшін 3 мыңнан аса жүргізушіге айыппұл салынды», делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Жол полициясы комитеті бақылау күшейткен күндер ішінде жолда жүру ережелерін бұзған 400-ге жуық жаяу жүргінші әкімшілік жазаға тартылған.

Жол полициясы комитетінің мәліметтері бойынша, 2010 жылдың соңғы 3 айында 5 903 жол-көлік оқиғалары тіркелген. Онда 1 363 адам қаза болып, 6 мыңға тарта адам жарақат алған. 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 5 пайызға, көз жұмғандардың саны 1,7 пайызға және жарақаттанғандардың саны 5,4 пайызға кеміген.

Дегенмен комитет хабарламасында атап көрсетілгеніндей, бұл көрсеткіштерге қарамастан ел жолдарындағы ахуал әлі де болса күрделі. Ірі жол-көлік оқиғаларының саны артқан. Осы кезеңде осындай 14 көлік қақтығысы орын алып, онда 94 адам бақилық болды.

Соңғы жаңалықтар