Жол полициясы қызметкерлерінің қаржылық жағдайын көтеру бойынша мәселе қайтадан қаралады - К. Мәсімов
қпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысы Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығында болу кезінде Жол полициясы қызметкерлерінің қаржылық жағдайын көтеру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кезінде осындай шешім қабылданған болатын. Алайда, әлемдік қаржы дағдарысына байланысты бұл мәселе кейінге шегерілген еді. Осыған орай жол полициясы қызметкерлерінің қаржылық жағдайын көтеру бойынша ұсынысты тағы да енгізіңіздер. Бұл мәселеге қайта оралайық. Және де оны мен қолдаймын. Сондай-ақ оны Мемлекет басшысының қарауына ұсынатын боламыз», деді К. Мәсімов.