08:55, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Жол полициясының аға инспекторы алаяқтық үшін айыпталуда
ПАВЛОДАР. 17 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының № 2 сотында қызметтік жағдайын пайдала отырып алаяқтық жасаған ІІД жол полициясының аға инспекторына қатысты іс қаралуда, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
2012 жылдың наурыз айында болған жол-көлік апатының кестесін жасағаннан кейін, инспектор апаттың қатысушыларының біріне 20 мың теңге берсе, істі оның пайдасына шешуге болатынын және әкімшілік жазалаудан құтыла алатындығын айтқан. Сол күні инспектор бес мың теңгені, келесі күні - қалған он бес мың теңгені алып, қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түсті.