Жол сапасының нашар болғаны үшін жауаптылардың бәрін жазаға тарту керек - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Автожол саласын кешенді түрде қайта жаңғырту керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті автожол саласын кешенді түрде қайта жаңғырту керектігін баса айтты

«FIDIC халықаралық қағидаттарын енгізген жөн. Оны жүзден астам ел пайдаланып отыр. Бұл жүйе жол саласын тиімді басқаруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдаланып, барлық деңгейдегі жемқорлық қаупін азайтуға мүмкіндік бермек. Мұндай жүйеге көбі қарсы болады. Бұл жерде министрдің және тиісті вице-премьердің нық ұстанымы қажет. Тұтастай алғанда, осы мәселе бойынша арнайы комиссия құру керек. Оған Үкімет мүшелерін, Президент Әкімшілігі, құқық қорғау органдарының өкілдерін, депутаттарды қосқан жөн. Жарты жыл ішінде барлық кемшілікті, соның ішінде жемқорлықты және олқылықтарды түзетуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеп, маған баяндау қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы аталған комиссия кемінде соңғы 10 жылдың ішінде жол салу саласында жіберілген заң бұзушылықтарды тыңғылықты зерделеуі қажеттігін баса айтты.

«Еліміздегі жолдардың сапасының жаман болғаны үшін барлық жауапты тұлғалар заңға сәйкес жазаға тартылуы тиіс», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар