Жол тәртібін сақтамай, қомақты айыппұл төлейтін болды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі аудандық соты талапкер Т-ның материалдық шығынның орнын толтыру туралы талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жол тәртібін сақтамай, қомақты айыппұл төлейтін болды - БҚО

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жауапкер К. өткен жылдың 5 тамызында сағат 20.04 шамасында көлік құралын басқару құқығы болмаса да, автокөлік руліне отырған. Ақсай қаласы 10-шағынауданындағы №8 үй жанында «ВАЗ-21140» автокөлігін артқа қарай шегіндіремін дегенде, «Toyota Land Cruiser 200» көлігімен соқтығысуына жол берген. Соның салдарынан аталмыш көлік иесіне 484483 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот қаулысымен жауапкер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 484483 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.