Жол торып, қарақшылықпен айналысқан қылмыскерлер ұсталды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыспен күрес бағытындағы шаралар барысында 14 қылмыстық іс қозғады.
None
None
Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны үшін, тағы екі іс қарақшылық фактілері бойынша қозғалды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылдың қаңтар айының 5-інде Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Атамекен» деген атпен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы А.Масенов пен оның бандасын қолға түсірген. Аталмыш топ «Орал-Атырау» тас жолының бойында жол торып, жүк көліктерінің жүргізушілеріне шабуыл жасаумен айналысқан. «Биылғы жылы сондай-ақ тәртіп сақшылары еліміздің Оңтүстік аймақтарынан жеткізілетін есірткі арнасын жойып, есірткіні тасымалдаумен айналысатын 4 адамнан тұратын қылмыстық топ өкілдерін құрықтап, қылмыстық іс қозғады», деді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар