Жол жабылғанын елемей сапарға шығып кеткен жүргізушілерге айыппұл салына бастады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында 2 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол жабылғанын елемей сапарға шығып кеткен жүргізушілерге айыппұл салына бастады

3 қаңтардан бастап Абай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар барлық трассалар жабылды.

Тәртіп сақшылары жолға шыққан екі жүргізушіге бірнеше рет ескерту жасаған. Дегенмен олар ескертуге құлақ аспады.

Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбай, көлік қозғалысын тоқтатудан бас тартып, өз өміріне ғана емес, жолаушылардың өміріне де қауіп төндірді.

«Екі жүргізуші ҚР ӘҚБтК 667-бабы «Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп хабарлады Абай облысы полициясынан.

Аталған баптың санкциясымен отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделеді.


Фото: t.me/dp_abai