Жол жөндеу: 17 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған

Ақтөбе
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – «Қарағанды – Алматы» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаға 2,5 мың адам тартылса, «Талдықорған – Өскемен» жобасы аясында бір мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. 

Жалпы, республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау және жөндеу жобаларына 9 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Күн сайын 5 мыңға жуық адам республикалық жолдарды күтіп ұстау мәселелерімен, 3 мыңға жуық адам жол-құрылыс материалдарын дайындау және жеткізумен айналысады. Осылайша, автожол инфрақұрылымын жаңарту бойынша жұмыстарға бір топ білікті маман тартылған.

«Айта кетерлігі, «Қарағанды – Алматы», «Атырау – Астрахань», «Ақтөбе – Қандыағаш» және «Талдықорған – Өскемен» автожолдарының учаскелерінде көлік дәліздерін реконструкциялау бойынша отандық жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстары екі ауысымда жүріп жатыр», - деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев журналистерге арналған брифингіде. 

Еске салсақ, бұған дейін еліміздегі алғашқы автотуннель мен ең үлкен көпірдің құрылысы қашан аяқталатынын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар