Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астанада көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Жол жөндеу жұмыстарына байланысты бүгін Астанада көлік қозғалысы шектелді, деп
None
None

хабарлайды Астана жол полициясы басқармасының баспасөз орталығы.

Бүгін Жеңіс даңғылында - Бөгенбай батыр даңғылынан Жангелдин көшесіне дейін толықтай көлік қозғалысы шектелді. Қорғалжын трассасында - Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аумақта көлік қозғалысы ішінара шектелді.

Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына байланысты Б.Момышұлы көшесінде - Мирзоян көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейінгі аумақта ішінара қозғалыс шектелді.

Соңғы жаңалықтар