Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектелді - ЖПБ

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Астана қаласы жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

Жолдарда тегістеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі Достық көшесінің жүргінші аумағында, тас-асфальбетон төсеу жұмыстарына байланысты Б.Момышұлы даңғылына қарай беттейтін жылдамдық өлшеуіш құралынан бастап көпірге дейінгі Сарайшық көшесінде ішінара көлік қозғалысы шектелді.

Сондай-ақ жылу желілерін төсеу жұмыстарына байланысты Сейфуллин көшесінен Кубрин қиылысына дейін Күмісбеков көшесінде ішінара көлік қозғалысы шектелді..

Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарына байланысты әуежай трассасында жол қозғалысы ішінара шектеледі.

Соңғы жаңалықтар