Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстан елордасында жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелердегі көлік қозғалысы толығымен шектелді, деп хабарлайды Астана қаласы жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

Асфальт қабатын тегістеу жұмыстарына байланысты Астанадағы Б.Момышұлы көшесінен Фабричный көшесіне дейін Тәуелсіздік көшесіндегі көлік қозғалысы толығымен шектелді, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жүргінші аумағын жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы мына көшелерде ішінара шектелді.: Желтоқсан көшесінде: Абай даңғылы мен Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде. Гранитті жол жиегін алу және жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылы, Можайск көшесінен Сембинов көшесіне дейін көлік қозғалысы ішінара шектелді.

«Сондай-ақ асфальбетонды жабынның төменгі қабатын тегістеу жұмыстарына байланысты Сарайшық көшесінде: Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін аумақтарда көлік қозғалысы ішінара шектелді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мұнан басқа, Кенесары, Кравцов, Жангелдин, Тимирязев көшелерінде, Жеңіс, Республика даңғылдарында, сондай-ақ теміржол вокзалы мен Өндіріс кентіндесу құбырларын төсеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар