14:24, 21 Маусым 2010 | GMT +5
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылды - Жол полициясы басқармасы
АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Жол жөндеу жұмыстарына байланысты дүйсенбі, маусымның 21-і күні Астананаң кейбір көшелерінде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылды.

Бұл туралы Астана қаласы бойынша жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Баспасөз орталығы хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жангелдин көшесінде Жеңіс даңғылынан Сарыарқа даңғылы аралығында ішінара көлік қозғалысы тоқтатылатын болады. Сарыарқа даңғылында, Абай даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылы аралығында да көлік қозғалысы ішінара тоқтатылды.
Сонымен қатар, баспасөз орталығының таратқан ақпараты бойынша, «жылу желілерін салу жұмыстарына байланысты бұрынғыдай Күмісбеков көшесінде Сейфуллин көшесінен Кубрин көшесіне дейінгі, Әуезов және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы жерлер ішінара жабылып отыр».