07:56, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Жол жөндеушілер ғылыми сынақ нысаны болған жиек тасты ауыстырып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Калифорния штатындағы Хайвард қаласында жарты ғасырға созылған сейсмологиялық сынақ күрт үзілді. Ғалымдар 45 жылдан бері жол шетіндегі тастың жылжуын бақылап келді, ол Хейвард жарығы мен Тынық мұхит және Солтүстік Америка тектоникалық тақталардың жылжуын көрсететін, деп жазады The Verge.
Жол шетіне төселген тастың жылжуына қатысты алғашқы сурет 1971 жылы түсірілген.
Жетпісінші жылдары жиек тас бес жыл ішінде алғашқы орнынан 2 сантиметр жылжып кеткен. Ал 20 жылдан соң ол қатар төселген жиек тастан толық алшақтаған.
«Бұл жайсыз жаңалық болды, - дейді жиек тасты ауыстырып ол жөндеп кеткендерге қатысты АҚШ Геологиялық қызметінің маманы Кен Хаднат. - Өкінішті. Бұл әрекетке қарнымыз ашып отыр».
Алайда ғалымдар қала билігіне жиек тастың ғылым үшін құндылығы туралы ескертпеген. Сондықтан олар оны алып тастап оның орнына мүгедектер арбасы жүретін пандус жасаған.
Егер қала әкімшілігі ғылыми зерттеу нысаны болғанын білген жағдайда олар қала тұрғындарының мүддесін алға қоя еді.