Жол жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелді - Астананың жол полициясы басқармасы

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Жол жұмыстары байланысты сәрсенбі күні елорданың бірқатар көшелерінде жол қозғалыстары жартылай және толық шектеліп отыр.
None
None

Бұл туралы Астананың жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, асфальтбетонның төселуіне байланысты Сарыарқа даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Пушкин көшесінде М-3 көпірінен Спецмонтажный көшесіне дейінгі аралықта жол қозғалысы жартылай шектеліп отыр.

Ал Московский көшесінде Потанин көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық жабылса, Молдағұлова көшесінде Потанин көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жартылай шектеліп отыр.

Қажымұқан көшесі Тәуелсіздік даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта бұрынғысынша жабық, тек Мирзоян көшесінде ғана тікелей қозғалысқа рұқсат етілген. Бұл жерде жол төсемі толық жаңартылуда.

Жол полициясы жүргізушілерге жүретін жолдарын алдын ала жоспарлауға және жол белгілерінің талаптарын, инспекторлардың нұсқауларын қатаң сақтауға кеңес беруде.

Соңғы жаңалықтар