«Жол жүрісі туралы» заңдағы олқылық түзелетін болады - Мәжіліс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды.

«Жол жүрісі туралы» заңдағы олқылық түзелетін болады - Мәжіліс

Еске сала кетейік, аталған заң 2014 жылы қабылданып, күшіне енген болатын. Қоғамда үлкен резонанс тудырған осы құжатқа өзгеріс енгізуді Мәжіліс депутаттары қолға алып отыр. «2014 жылы күшіне енген «Жол жүрісі туралы» заңда полиция қызметкерінің рұқсатынсыз жолаушыларға көлік құралынан шығуға тыйым салынған норма бар. Бұл норма қоғамда үлкен сынға ұшырап, нәтижесінде осы заң жобасын әзірлеуге түрткі болып отыр. Осыған байланысты жоғарыдағы норманы алып тастау ұсынылады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова.