Жол жүру ережесін бұзуға қатысты айыппұлдарды Homebank.kz порталы арқылы төлеу 1 жылдың ішінде 66 есе өсті

АЛМАТЫ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Homebank.kz порталының «Төле де - ұмыт» қағидаты бойынша жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды өтеу қызметінде 150 млн. теңге көлеміндегі 17 мың айыппұл төленді.
None
None

 «Қазкомерцбанк» АҚ-ның Homebank депртаментінің сауданы қолдау бөлімінің бастығы Шоқан Дусиповтың айтуынша, бұл портал ақпан айында іске қосылған болатын. Оған дейін жылына айыппұлдардың жалпы сомасы 2 млн 232 мың 694 теңге болатын 252 төлемі жасалған екен. Қазір төлем саны 16 835-ке жетіп, төленген айыппұл көлемі 150 млн. 516 мың 55 теңгені құрап отыр. Яғни 1 жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде ол 66 есе өскен.

Соңғы жаңалықтар